top of page
«Бабалар сөзі» жинағында қазақ халқының ғасырлар бойы жинаған асыл мұрасы, тарихы, мәдени салт-санасы, философиясы, педагогикасы, өнері түгел қамтылған. 2003 жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Мәдени мұра»
мемлекеттік бағдарламасын жасау жөнінде тапсырма берді. Ол бағдарламаның ең ірі жобасы – қазақ фольклорының 100 томдық басылымын дайындау еді. «Бабалар сөзі» сериясы – біздің ұлттық мақтанышымыз. Бұл – қай жағынан қарағанда да әлемдік деңгейдегі теңдессіз жоба. «Бабалар сөзінің» 100 томдығын шығару арқылы біз ата-бабаларымыздың алдындағы бір парызымызды орындадық - М.Құл-Мұхаммед.
bottom of page