ГУ "Централизованная библиотечная система отдела культуры
и развития языков акимата города Костаная"
Әлпия Урманшина
Мен 1955 жылы 23 ақпанда Әліпбай деген жерде дүниеге келіппін. Әкем Карбоз жылқышы болып жүрсе керек. Жылқыны жусатып, aт үстінде тұрып қалғып кетсе, анасы аян беріп: “Келін босанып, қыз туды, атын Әлпия деп қой ”, - деген екен. Сөйтіп мен Әлпия
атаныппын.
Мен өлеңді 8 класс оқып жүргеннен шығара бастадым. Алғашқы өлеңім, 1970 жылы 28 наурызда, анам Кәкім кенже сіңлім
Кенжегүлді туғанда қатты сырқаттанып, өлім аузынан қалып, отбасымызбен қатты қиналғанда туған еді.
Жас кезімде өзім ушін жазып жүрдім. Ақындар айтысына алғаш рет 1986 жылы шықтым. Сол жылы ауданымызда жаппай айтыстар өтіп, айтыстардың біріне әкем Карбоз өз мекемесінің атынан шығуы керек болды. Әкем жолын маған беріп, әкемнің атынан сол айтысқа қатысып, айтыскер атандым. 1987 жылдан Қостанай, Торғай облыстық, 1990 жылдан республикалық айтыстарға қатыстым. Осы кезге дейін 60-70 айтыстарға қатысып, халқымның жырын жырлағанымды басымдағы бағым деп бағалап келемін.
Отбасымда отағасы Болат, екі қызым - Айгүлім мен Аяулым бар. Қостанай қаласын мекен етіп түрып жатырмыз.
РАҚЫМЖАН ҚОШҚАРБАЕВ. Бұл кітап халық қаһарманы, батыр Рақымжан Қошқарбаевқа майдандас достры жазған естеліктері беріліп отыр.
Әзілхан Нұршайықов. Бұл әскери шығармалар жинағында Ұлы Отан соғысы кезінде қазақстанда жасақталған 100 атқыштар бригадасының өмір тіршілігі, Отаң қорғауға қалай дайындалғаннан бастап, отты жылдар кезіндегі жекелеген адамдар ерлігі суреттеледі.
Николай Ковтун . Книга "Мир помнит Вас..." известного костанайского поэта, члена Союза журналистов Казахстана Николая Ковтуна посвящена 65-летию Победы совесткого народа в Великой Отечественной войне. Это своеобразный памятник солдатам Отчизны, павшив и живым. Это рассказ о ветеранах войны, которые ценою собсвенных жизней добыли Победы, чьи руки подняли страну из руин, распахали бескрайние степи Казахстана, наладили нормальную жизнь общества.
РАҚЫМЖАН ҚОШҚАРБАЕВ. Бұл кітап халық қаһарманы, батыр Рақымжан Қошқарбаевқа майдандас достры жазған естеліктері беріліп отыр.
Счетчик посещений