top of page

Профессионал

Рухани қазына – 2022

«Қостанай қаласы әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ «Северный» кітапхана-филиалының меңгерушісі Тасмаганбетова Разья Мухтаровна «Үздік қалалық маңызы бар кітапхана қызметкері» номинациясы бойынша Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына – 2022» фестиваліне қатысты. 
Разья Мухтаровна еңбек тәжірибесін қамтитын «Под сводами библиотеки» кітабын таныстырды, «Goworkingzone: кітапхана – шығармашылық пен мейірімділік аумағы» атты коворкинг орталығының жұмысына тоқталды, «Званый гость» («Шақырылған қонақ»), «Писатель – Библиотека – Читатель» («Жазушы – Кітапхана – Оқырман») жобаларын ұсынды. 
Қызығушылықтары ортақ жандарды біріктіретін «Шаңырақ», «Сударушки», «Мугунхва», «Как молоды мы были» клубтарының, орыс, славян, казак әндерін орындаушылардан құрылған «Казачья воля» клубының, өскелең ұрпаққа азаматтық-патриоттық тәрбие беруге бағытталған «Наследие» клубының қызметі туралы баяндады. 
Фестивальге белсенді қатысқаны және жұмыс тәжірибесін толыққанды таныстырғаны үшін Разья Мухтаровна Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің алғыс хатымен марапатталды.

Рухани қазына – 2022

В Фестивале организаций и работников сферы культуры и искусства «Рухани қазына – 2022» в Номинации «Лучший работник библиотеки городского значения» приняла участие Тасмаганбетова Разья Мухтаровна, заведующая библиотеки-филиала «Северный» ГУ «Централизованная библиотечная система отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта акимата города Костаная».
Из опыта работы Тасмаганбетова Разья Мухтаровна представила книгу-альбом «Под сводами библиотеки», рассказала о коворкинг площадке «Goworkingzone: библиотека – территория творчества, аура добра», представила проекты: «Званый гость», «Писатель – Библиотека – Читатель».
Подробно рассказала о работе клубов, добровольных объединениях группы людей, основанные на единстве целей и общих интересов: «Шаңырақ», «Сударушки», «Мугунхва», «Как молоды мы были», клуба любителей русской, славянской и казачьей песни «Казачья воля», гражданско-патриотической направленности для молодых ребят клуба «Наследие».
За активное участие и представление опыта работы Разья Мухтаровна была награждена Благодарственным письмом Министерства культуры и спорта Республики Казахстан. 

 

MyCollages.jpg

Отырыс барысында ӘББ меңгерушісі К. С. Нурушева 2022 жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылады. Қордағы кітаптарды насихаттауға арналған  Web-парақша жұмысының, «Абай – Ұлы дала елінің данышпаны» буктрейлерінің, Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына арналған «Ұлт ұстазымен үндесу» челленджінің ұйымдастырылу барысына және т.б. инновациялық  қызмет түрлеріне тоқталды.
Іс-шара аясында «Жазушылар және экология», «Жастар, кітап, кітапхана – өзара тартылыс» кітапханалық non-стоп, «Кел, кітап алмасайық» сынды акциялары туралы ақпарат келтірілді.
«Туған жерім – Қостанайдың киелі топырағы», «Кітапханалық симфония»,  «Мерейтойлық пойыз», «Біздің ауылдағы еңбек ерлері» атты кітап көрмелерінің  дайындалғаны аталып өтілді.
Директордың міндетін атқарушы К. Н. Сандыбаева кадрлық және материалдық-техникалық қорды нығайту  мәселелеріне назар аударды.
Іс-шара соңына қарай заңгер Д. С. Бисембаева азаматтық қызметкердің мінез-құлық этикасы туралы  баяндады.


В ходе заседания заведующая МБО Нурушева К. С. озвучила итоги деятельности за первое полугодие 2022 года. Была отмечена инновационная деятельность из опыта работы библиотек – Web-страница по популяризации книжного фонда, буктрейлер «Абай – гений земли казахской», челлендж «Ұлт ұстазымен үндесу» к 150-летию со дня рождения Ахмета Байтурсынулы и другое. 
Особое внимание уделено проведенным акциям –  «Писатели и экология», библиотечный non-стоп «Молодёжь, книга, библиотека – даёшь встречное движение», книжный СВОП «Давай обменяемся». 
Представлены книжные выставки – «Костанайской земли родные просторы», «Библиотечная симфония», «Юбилейный поезд», «Славные люди труда нашего села».
Далее и. о. директора Сандыбаева К. Н. обратила внимание на кадровые вопросы и укрепление материально-технического обеспечения.
В завершение юрист Бисембаева Д. С. рассказала об этике поведения гражданского слущащего.

 

MyCollages.jpg

Н. Островский атындағы орталық қалалық кітапханада «Профессионал» клубының кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жылдық есепке қойылатын негізгі талаптар талқыланды. Статистикалық есептің формалары ұсынылды, мәтіндік есептің құрылымы таныстырылды.

В ЦГБ им. Н. Островского проведено очередное заседание клуба «Профессионал». В ходе заседания прошло обсуждение основных требований по составлению годового отчета. Представлены формы статистического отчета, подробно рассказано о структуре тексового отчета.  
 

MyCollages.jpg
bottom of page