Семинары
«Кітапханалардың өлкетанулық қызметі: мүмкіндіктердің зор аумағы»
«Строительный» кітапхана-филиалының қызметкерлері Padlet платформасында көрнекті ағартушы, педагог, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай «Кітапханалардың өлкетанулық қызметі: мүмкіндіктердің зор аумағы» атты саяхат семинарын өткізді.
Кітапханашылар ынтымақтастық аясын кеңейте отырып, ауқымды жұмыс атқарды. Семинарға Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық мұражайының негізін қалаушы және бірінші директоры, ҚР Құрметті мәдениет қайраткері Рыщанова Уркия Мухамедияровна, Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Торғай мұражайларының Жангелді кешені» КММ қызметкерлері, «Н. К. Крупская атындағы Орынбор облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» әріптестері, «Ы. Алтынсарин ат. облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы» ММ әріптестері, «М. Хәкімжанова ат. Щербаков орта мектебі», Қостанай қаласы «Дорожный» кітапхана-филиалы қатысты.
Семинар барысында бағыттар бойынша саяхат ұйымдастырылды, кітапханашылар Ы. Алтынсариннің қызметін ашып, алғашқы мектептердің ашылуына және балаларға білім беруді дамыту үшін оқулықтар дайындауға қосқан үлесін атап өтті.
Уркия Мухамедияровна Рыщанова Ы. Алтынсариннің шығармашылығын зерттеу бойынша жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерімен бөлісті, «Ыбырай Алтынсарин – қазақтың көрнекті педагог-ағартушысы» мультимедиялық әдістемелік құралын ұсынды.
Ресейден Н. К. Крупская ат. Орынбор облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының әріптестері «Ыбырай Алтынсарин және Орынбор өлкесі» өлкетану парақшасынан бейнематериал ұсынды, онда жаңа, қызықты және пайдалы фактілер ашылды. Ы. Алтынсариннің құрметіне Орынбор қаласында көше атауы берілді.
«Елім деп туған ерлер» атты портрет көрмесі кітапхана қорын ашуға және Ы. Алтынсариннің кітаптары мен еңбектерін ұсынуға мүмкіндік берді.
Саяхат семинары ынтымақтастықтың кең ауқымын көрсетті және кітапханалардың өлкетану ақпараттандырудағы үлкен рөлін ашты. Пайдаланушылар үшін қол жетімді құжаттар қоры, жұмыстың инновациялық түрлерін қолдану, мұның бәрі қоғамға қажет мәдени-ағартушылық, ақпараттық, демалыс орталығы ретінде кітапхананың жаңа имиджін қалыптастыруға ықпал етеді.
«Библиотечное краеведение: территория больших возможностей»
Сотрудники библиотеки-филиала «Строительный» в режиме онлайн на платформе Padlet провели семинар-путешествие «Библиотечное краеведение: территория больших возможностей», посвящённый 180-летию со дня рождения выдающегося просветителя, педагога, писателя, этнографа, фольклориста, общественного деятеля Ибрая Алтынсарина.
Расширяя грани сотрудничества библиотекари провели огромную работу. К участию в семинаре были привлечены – Рыщанова Уркия Мухамедияровна, основатель и первый директор Костанайского областного мемориального музея Ибрая Алтынсарина, Почётный деятель культуры РК, сотрудники КГУ «Жангельдинский комплекс музеев Торгая» Управления культуры акимата Костанайской области, коллеги «Оренбургская областная универсальная научная библиотека им. Н. К. Крупской», коллеги ГУ «Областная детско-юношеская библиотека им. И. Алтынсарина», «Щербаковская средняя школа им. М. Хакимжановой», библиотека-филиал «Дорожный» город Костанай.
В ходе семинара было организовано путешествие по маршрутам, библиотекари раскрыли деятельность И. Алтынсарина, отметили его вклад по открытию первых школ и подготовке учебников для развития образования детей.
Уркия Мухамедияровна Рыщанова поделилась результатами проделанной научно-исследовательской работы по изучению творчества И. Алтынсарина, представила мультимедийное методическое пособие «Ибрай Алтынсарин – выдающийся казахский педагог-просветитель».
Коллеги Оренбургской областной универсальной научной библиотеки им. Н. К. Крупской из России предоставили видеоматериал – краеведческая страничка «Ибрай Алтынсарин и Оренбургский край», в котором раскрыли новые, интересные и полезные факты. Отметили, что в честь И. Алтынсарина названа улица в городе Оренбург.
Выставка-портрет «Рождён на счастье своего народа» позволила раскрыть фонд библиотеки и представить книги и труды И. Алтынсарина.
Семинар-путешествие показал широкий диапазон сотрудничества и раскрыл огромную роль библиотек в краеведческом информировании. Фонд документов, доступный для пользователей, применение инновационных форм работы, это всё способствует формированию нового образа библиотеки как культурно-просветительского, информационного, досугового центра, в котором так нуждается общество.
Кітапхана жаңа буынды дамытушы орта ретінде
«Киевский», «Узкоколейный» кітапхана-филиалдарының қызметкерлері «Кітапхана жаңа буынды дамытушы орта ретінде» атты онлайн семинар өткізді.
«Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ әдістемелік жұмыс және ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі К. С. Нұрышева аталмыш іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілуіне атсалысты.
Әдістемелік бөлімнің ұсынысы бойынша ресейлік әріптестер «Біз құратын мазмұн». Кітапхана оқырмандарымен қашықтықтан әрекеттесу жолдары» тақырыбына арналған баяндама ұсынып, тәжірибелерімен бөлісті. В. И. Ленин атындағы кітапхананың қоғаммен байланыс жөніндегі маманы Мажекенова Снежана Асхатовна жұмыс барысында қолданылатын жаңа технологиялармен, жұмыстың инновациялық түрлерімен таныстырды («Петроград ауданының ОКЖ» Санкт-Петербург мемлекеттік бюджеттік мекемесі). Іс-шара аясында Қостанай облысының 85 жылдығына арналған «Адамдар. Тағдырлар. Замандар» атты кітап көрмесіне бейнешолу жасалды.
Оқырмандардың сұранысын, талғамын анықтау мақсатында «Мен кітапқа қуаныш орденін сыйлаймын...» көрмесі ұйымдастырылды. Қостанайлық танымал суретші Георгий Соковтың шығармашылығына арналған «Жарқын сәттер» атты бейнематериал дайындалды. «Фантазия» қуаныш пен шаттық шеберханасы балалар кітаптың көмегімен әдемі бұйымдар жасауды үйренетіндігін жеткізді.
Іс-шара соңына қарай «Интерактивті сөзжұмбақ» шеберлік сабағы өткізіліп, «Кітапхалық өмірдің фотошежіресі» бейнеролигі көрсетілді.
Библиотека как развивающая среда нового поколения
Сотрудники библиотеки-филиала «Киевский», «Узкоколейный» провели онлайн семинар «Библиотека как развивающая среда нового поколения».
В ходе подготовки семинара большую помощь оказала Нурушева К. С., заведующая МБО. По рекомендации методического отдела был представлен опыт российских коллег «Контент, который мы создаем. Дистанционные формы мероприятий, сокращающие расстояния с читателями библиотеки». Новые технологии, инновационный формы работы представила Мажекенова Снежана Асхатовна, специалист по связям с общественностью библиотеки им. В. И. Ленина (СПб ГБУ "ЦБС Петроградского района"). Подготовлен видеообзор книжной выставки «Люди. Судьбы. Времена», посвященный 85-летию Костанайской области. Также с целью выявления читательских предпочтений организована выставка-признание «Я дарю орден улыбки книге...». О творчестве Костанайского художника Георгия Сокова подготовлено видео креатив-пространство «Живописные минутки». Мастерская радости «Фантазия» показала, что через книгу дети учатся создавать прекрасное своими руками. Проведен мастер-класс «Интерактивный кроссворд» который раскрыл этапы создания кроссворда.
Завершил семинар видеоролик «Фотохроника библиотечной жизни».