Мероприятия в рамках подпрограммы
«Рухани қазына»
«Қызыл сөздің шешендері»
Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, кітап оқуды насихаттау және көркем әдебиетке деген қызығушылықты арттыру мақсатында 2017 жылы құрылған, жас қаламгерлерге арналған «Толқын» шығармашылық студиясы атты әдеби үйірме бүгінгі таңда өз жұмысын жалғастырып келеді. Соның бір дәлелі «Жас керуен» альманахының 2 кітабының жарыққа шығуы. Өткен 2018 жылы 1 кітабы шықса, биыл 2 кітабы жарық көрді. Альманахқа енген жас ақындар сөз саптауын, табиғатқа әсерленуін, өздерінің жастарына сай сезімдерін бейнелеуін әсерлі етіп жеткізген. Кітапхана қонағы болған Қостанай қаласының Құрметті азаматы, Қостанай облыстық меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасының жазушылар одағының мүшесі, ақын Жолбарыс қажы Баязид және «Біздің Қостанай» қалалық газетінің редакторы Мырзабай Сералы Раманұлы әдебиетке бет бұрған жас қаламгерлерге шығармашылық табыстар тілеумен қатар ақ батасын берді. «Жас керуен» альманахының тұсау кесері «Толқын» шығармашылық студиясы мүшелерінің қатысуымен «Қызыл тілдің шешені» атты ақындық баттлмен жалғасты. Сөз сайысы әділ-қазылардың берілген бірнеше тақырыптары бойынша өлең құрау болды. Алғашында үш тақырып, кейін сол әр тақырыптан үздік деп танылғандар арасында бір тақырып берілді. Нәтижесінде өлеңнің мазмұны мен құрылымына баға берген әділ-қазылар Тобылов Алмасты жеміңпаз деп танып «Жас қаламгер» статуеткасын тарту етті. Біз осындай дарынға бай, халқымыздың мерейін асқақтататын, қоғамға пайдалы ойлар жеткізетін жастарымыздың барынша көп болғанын қалаймыз. Ендеше, талантты жастарға шығармашылық сəттіліктер жəне табанды жетістіктер тілейміз