Қасымхан АЛДАБЕРГЕНҰЛЫ
1925 жылдың күзінде (Орақ кезі) Талдыкөл ауылы Қызылмола жайлауында дүниеге келген.(Жетіқара ауданы, Қостанай облысы). Бастауыш мектепті (1-4 сыныптар) Милютин ет совхозы Шілікті №5 фермасында 1938 жылы бітіріп, 7 сыныпты Милютин орталау мектебінде 1941 жылы тәмамдады.
1941-1943 жылдары Милютин селолық Советі атқару Комитетінің секретарь болып қызмет атқарды.
1943-1950 жылдары Совет Армиясы қатарында парашют десант әскери бөлімінде қызмет етті.
1945 жылдың наурыз айынан бастап соғыстың аяғына дейін 2-3 Украйн майданы, 105-дивизия құрамында алғы шепте болып, Венгрия, Австрия, Чехословакия елдерін неміс фашизмінен азат етті. Вена каласын алу операциясына қатысты.
1951-1971 жылдары Милютин, Шевченко орта мектептерінде ұстаздык етті.
1971-1993 жылдары облыстық «Коммунизм таңы» (қазіргі «Қостанай таңы») газетінің Боровской, Ленин (қазіргі Меңдіқара, Ұзынкөл), Семиозер (Әулиекөл), Науырзым аудандары бойынша меншікті тілшісі қызыметін атқарды.
Орал мемлекеттік педагогикалық институты қазақ тілі, әдебиеті факультетін сырттай оқып тәмамдаған.
Қазір Қостанай қаласында тұрады.