Мероприятия в рамках подпрограммы
«Рухани қазына»
«Халықпен туған дарын»
А. С. Пушкин ат. ҚБК № 115 орта мектептің 9 сынып оқушыларымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, қазақтың көрнекті жазушысы, ақын, драматург, публицист, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, жерлесіміз Бейімбет Майлиннің ескерткішіне «Халықпен туған дарын» атты экскурсия өткізді.
Экскурсияның негізгі мақсаты қаламыздағы мәдени құндылықтарымыздың бірі Б. Майлиннің ескерткішімен және өмірбаянымен, шығармашылығымен таныстыру.
Кітапханашы биіл Бейімбет Майлиннің туғанына 125 жыл ұмытылмас датаны атап өтті. Ескерткіш сипаттамасы жайлы әңгімеледі, атап айтқанда ескерткіш мерзімі - 1994 жыл, орналасқан жері - Қостанай қаласы, вокзал жанындағы алаң, көлемі – 90 х 90, мүсіннің биіктігі – 1,5 м., тастұғырдың биіктігі – 2 м.
Жазушы мүсіні қолындағы кітаппен бейнеленген. Кітапханашы оның кітаптарымен таныстырды. Оқушылар жазушының бірнеше өлеңдерінен, прозаларынан үзінділер мәнерлеп оқыды