top of page

Мероприятия в рамках подпрограммы

«Рухани қазына»

«Өз қалама деген махаббатпен»

«Западный» кітапхана - филиалында «Туған жер» жобасы аясында «Өз қалама деген махаббатпен» тақырыбында өткізілген іс - шарада Қостанай қаласының тарихына тоқталып, қазіргі кездегі қаламыздың көрікті жерлері, киелі ескерткіштері жайлы мағлұматтар берілді.

           Биыл Тың және тыңайған жерді игерудің басталғанына 65 жылдығына да тоқталып өтілді. Бұдан 65 жыл бұрын, 1954 жылы Қостанайға ерікті еріктілердің алғашқы командасы келгені жайында айтылып, балалар қаланың тарихы бейнеленген,  ескерткіштермен танысты.

           Іс - шараға шақырылған қонағымыз ақын Абылай Мауданов өзінің туған жері туралы қызықты әңгімелерін айтып, қаламызға арналған өлең жолдарынан оқып берді. № 17 мектеп оқушылырының қатысуымен «Қостанай атауы қайдан шыққан» аңызынан көрініс көрсетіліп, ақын - жазушыларымыздың туған жерге арналған жыр шумақтарын оқып, қалаға арналған бейнебаянды тамашалады.

          Оқушылар назарына «Менің қалам – менің мақтанышым» кітап көрмесі ұсынылып, шолу жасалды. Көрмеге қойылған жауапты редактор, профессор И. К. Терновойдың «Костанайская область: прошлое и настоящее» кітабына ерекше тоқталып өтілді.

           Іс - шара соңында КГУ студенті Мырзабекова Перизаттың орындауында «Туған жер» әні орындалды

IMG_0891.JPG
IMG_0898.JPG
IMG_0883.JPG
IMG_0886.JPG
bottom of page