top of page

Мероприятия в рамках подпрограммы

«Рухани қазына»

Латын әліпбиіне көшу – заман талабы

Латын әліпбиінің маңыздылығы жайында талқыға салынған іс-шара ашық трибуна түрінде өтті. «Қазақ әліпбиінің латын графикасына көшуі мемлекетіміз үшін маңызды қадам» деп, өз пікірін білдірген А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің филология факультетінің оқытушысы Төлегенова Шынар Исламбекқызымен ашық трибунаға қатысушы Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ-нің студенттері бір ойдан шықты. Іс-шара барысында «Латын әліпбиіне көшу – Қазақстан үшін тарихи қадам» атты бейнебаян да ұсынылды. Кітапханашы тыңдаушыларға экранда латын әліпбиінде берілген сөздерге көз жүгіртіп, бірнеше адам қатыстырып, латын әліпбиіндегі сұхбатты оқытып және латын әліпбиіндегі сөздерді тақтаға жаздырды. «Тез ойла, сөз ойла» деп аталатын тапсырмалардың бірінде презентацияда берілген сөздердің антоним қатарын тауып, қатысушылар көңіл сергітті. Іс-шара соңында арнайы ұйымдастырылған кітап көрмеге шолу жасалды

DSC08992.JPG
DSC08995.JPG
DSC08986.JPG
bottom of page