top of page

Мероприятия в рамках подпрограммы

«Рухани қазына»

Елім саған  мың алғыс!

Н. Островский ат. ОҚК кітапханашылары іс-шара барысында 1 наурыз Қазақстан халқына Алғыс айту күні мерекесінің тарихына кеңірек тоқталды.  Кітапхана жанындағы «Тұмар» өнерлі жастар үйірмесінің ұйымдастыруымен қазақтың нағыз жанашыры  Герольд  Бельгердің «Адасқандар үйі» романының желісімен «Жақсылық еккен алғыс» атты қойылым қойылды. Қаламыздың оқу орындары оқушылары мен студенттерінің құрамынан құрылған «Толқын» шығармашылық студиясының жас қаламгерлері Есенгелді Ерназар, Жауынбай Азат, Ерболат Лашын, Дүйсенбаева Гүлсезім тақырыпқа сай жүректен жүрекке жететін авторлық өлеңдерін оқыды.  Кітапханашылар «Қазақстан – ортақ үйіміз» атты кітап көрмесіне шолу жасап, әдеби тілдің күші арқылы әртүрлі ұлт өкілдерінің достығы елде бейбітшілік пен келісімді сақтауға ынталандырады деген пікір білдірді. Әсем әндер шырқалып, би биленіп, жыр жолдары оқылған іс-шарадан жиналған қауым керемет әсерде тарқасты

88166322_2524453424549548_71642507782599
88303405_2524453234549567_76272639637591
88978064_2524453601216197_39188034001074
bottom of page