top of page
Н. Островский кітапханасында «Жүрегі шуақ – жаны жыр» атауымен ақын, жазушы Бердалинова Ғайнижамал Сайманқызымен кездесу болып өтті. Ақынның сөзіне жазылған «Сені іздедім», «Немереме арнау» әндері оқырмандарға тарту етілді. Сондай-ақ қонақта болған Ғайнижамал Сайманқызының ет жақын достарының қосары мол болды. Ақынның жүрекжарды арнау өлеңдерін кітапханамыздың «Тұмар» клубының белсенді мүшелері оқыды. Іс-шара сыр-сұхбат деп алынып қаламгердің өмір жолымен, шығармашылық жолымен оқармандар жақынырақ таныса түсті. Сонымен қатар ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттайтын «Қалам мен заман» атауымен дәстүрлі кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.
bottom of page