Мероприятия в рамках подпрограммы
«Рухани қазына»
Мероприятия в рамках подпрограммы
«Рухани қазына»
Асық
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Туған жер – туған ел» жобасы бойынша ұлттық асық ойынын жаңғыртуға арналған іс - шара өткізілді.
Іс - шараға шақырылған қонақтар: Қостанай қаласы спорттық жарыстарының бас төрешісі Какашев Қ.Т., Қазақстанның «Бестабан ойыны» бойынша үш дүркін чемпионы, «Алтын сақа» жүлдегері төсбелгісінің иегері Жиеналин С.Т., «Қостанай қаласы әкімдігінің А. И. Никифоров атындағы өнер мектебі» ММ жас суретшілері.
Ұлттық ойынды дәріптеуге арналған мұндай шараның өткізілуі елді елең еткізді. Бұрын ауладағы балалар арасында ойналатын асықтың жұртқа насихатталуы әр адамға ой салды. Кейінгі кезде ұлттық ойынымыз асыққа деген қызығушылық артып, жас ұрпақты көненің құндылығымен таныстыруға мүмкіндік туды. Өткізілген іс - шара мақсаты – заман өзгерсе де ұлттық дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып ұлттық мұраны қайта жаңғырту болатын.
Қалалық саябақта ұйымдастырылған шараны кітапханашы ашып, алаңға жиналған қала тұрғындарына асық ойынын спорт жарысының бас төрешісі Қаржау Төлегенұлы өткізді. Какашов Т.Қ. асықтың шығу тарихы мен түрлері, олардың атауларын айтып, түсіндіре келе ойнау тәртібімен таныстырды. Көреремендер ерекше ықылас танытып, аса қызығушылықпен ойынға белсене араласты. Сурет өнері мектебі оқушылары асық ойнаушылардың суретін салып, туындыларын көпшілікке тарту етті. Үйірме оқушысы Супрененко Влада өзінің асық ойыны туралы лебізін жеткізіп, алдағы уақытта ойнауға ықылас білдіретінін айтып өтті. Арнайы дайындалған кітап көрмесіне «Салт – дәстүрім – сарқылмайтын қазынам» қазақ елі мәдениетінің тарихы мен тынысы дәріптелген әдебиеттер қойылып, асықтар қөрермендерге ұсынылды. Шара соңында асық туралы: «Асық ату ұлттық ойын», «Асық ойынының түрлері», «Игры с асыками», «Как правильно играть в асыки» бүктемелер мен жаднамалар қатысушыларға таратылды. «Мен қазақпын» деген әр қазақтың жүрегінде қуаныш ұялағаны рас. Асық – ұлттық ойынның атасы ғана емес, халықтың өткені мен бүгінгісінің көрінісі