top of page

Мероприятия в рамках подпрограммы

«Рухани қазына»

Мероприятия в рамках подпрограммы

«Рухани қазына»

«Тұсау кесер»

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Дорожный» және «Южный» ҚБ бірігіп өткізген ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттау мақсатындағы іс-шара қалалық №7 балабақшаның  «Балапан» ересектер тобына көрсетілді. Іс-шарада заман өзгерсе де ұлттық дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салатын тұсау кесу, шашу, бата беру дәстүрлері аталып, баланың тәй-тәй басқан алғашқы қадамы «Тұсау кесер» рәсімі бойынша түсірілген бейнежазбасын тамашалады. Жүргізуші сәбидің өмірге келуі, анасының бесікке салып оның алғашқы аяқ алысы жайлы балаларға мағлұмат бере отырып, арнайы дайындалған презентация көрсетті. Бейнежазбада рәсім өтер алдындағы ырымдап қойылатын қазақ  халқының киелі заттары туралы түсінік беріліп, шашу шашылды.

Балаларға арнайы дайындалған ала жіптің маңызы жайлы айтып берді. Шараға арнайы шақырылған әнші Ибраева Назгүл мен сәбидің анасы бүлдіршіндерге әннен шашу шашып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Кішкентай көрермендер өздерінің білетін ұлттық ойын түрлерін жарыса айтты.

Шара соңында кітапханашы балалармен ұлттық дәстүрлер жайлы әңгіме жүргізді. Бұл «Мен қазақпын» деген әр баланың жүрегінде қуаныш ұялататын келер ұрпаққа беретін тағлымы мен тәрбиесі мол іс-шара болды. Қазақ халқының әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі халықтың өткені мен бүгінгісінің көрінісі

20180904_103718.jpg
20180904_103751.jpg
IMG_0318.JPG
bottom of page