top of page

Мероприятия в рамках подпрограммы

«Рухани қазына»

«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы»

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасының «Рухани қазына» ішкі бағдарламасы аясында,  Н. Островский кітапханасының жанындағы жастарға арналған әдеби ұйым, «Толқын» шығармашылық студиясы мүшелерінің арасында ұйымдастырылған «Туған жер» арнайы жобасына арналған «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» әдеби байқаудың нәтижесі шара барысында жарияланды. 

Бұл кездесуге байқаудың әділ-қазылары А. Шаяхмет, М. Ғазизұлы, Қ. Досжанова, сондай-ақ қонақтары С. Шайман, А. Қанғожин қатысты. Шара барысында «Толқын» шығармашылық студиясының жастары туған жерге деген ыстық сезімдерін, жұдырықтай жүректерінің түкпірінен шыққан жылы сөздермен оқырмандарға барынша жеткізуге тырысты. Мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгінімен болашағымын деп білетін жастар байқау  тақырыбының  төңірегінде жазған шағын әңгімелері мен эсселерін де оқыды. Сондай-ақ оқырмандар назарына әдеби байқауға қатысушылардың шығармаларының желісімен «Туған жерді аңсау» атаулы сахналанған қойылым, «Шұбалаң» атты бейнеролик ұсынылды. «Нұр әуен» домбыралы өнер студиясының жас жеткіншектері әсем әнмен, кербез күймен баурап отырды. Байқауға қатысқан жас ақындар шара соңында алғыс хаттар мен дипломдармен марапатталды

bottom of page