Мероприятия в рамках подпрограммы
«Рухани қазына»
Мероприятия в рамках подпрограммы
«Рухани қазына»
«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы»
Н. Островский атындағы қалалық кітапханасында «Толқын» студиясы мүшелерінің арасында «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты әдеби байқау жарияланып, сыңнан өткен, іріктелген шығармаларды нәтижесінде кітапхана қабырғасынан алғаш шығарғалы отырған «Жас керуен» деген құралға басып шығаруды көздейтін бұл байқау, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» жобасы аясында ұйымдастырылды.
3 ақпаннан 14 сәуір аралығында өтетін айтулы әдеби байқауға осы шарада шақырылған қонақтар қатарынан әділ-қазылар алқасы сайланып, қай уақытта нәтижесі шығарылатыны шешілді. Әділ-қазылар алқасы болып ақын-жазушы, публицист Шаяхмет Ақылбек Қожаұлы, қалалық «Наш Костанай» редакциясының директоры Мешіт Ғазизұлы, облыстық «Қостанай таңы» газетінің тілшісі Досжанова Қымбат Мұратбекқызы тағайындалды.
Шара барысында «Толқын» шығармашылық студиясының жастары туған жерге деген ыстық сезімдерін, жұдырықтай жүректерінің түкпірінен шыққан жылы сөздермен оқырмандарға барынша жеткізуге тырысты. Мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгінімен болашағымын деп білетін жастар байқау тақырыбының төңірегінде жазған шағын әңгімелері мен эсселерін де оқыды. Байқауға қатысушы Данияр Ихсан тырнақалды туындысының желісімен «Туған жер» атты бейнеролик жасап оқырмандар назарына тарту етті. Сондай-ақ «Жырым саған арналады Туған жер» атты кітап көрмесі де ұйымдастырылды