Мероприятия в рамках подпрограммы
«Рухани қазына»
Балалардың сүйікті жазушысы – С. Бегалин
«Оқитын балалар – ел болашағы» жобасы аясында А. С. Пушкин атындағы ҚБК қызметкерлері қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Сапарғали Бегалиннің шығармашылығын насихаттау мақсатында «Балалардың сүйікті жазушысы – С. Бегалин» атты портрет кешін өткізді.
Балалар үшін «Өз жерінің ұлы» атты презентация дайындалды, кітапханашылар жазушының өмірбаянын айтып, шығармашылық жолындағы оқиғаларға толығырақ тоқталды.
Сапарғали Бегалиннің алғашқы кітабы – балаларға арналған «Бүркіттің кек алуы» поэмасы 1943 жылы жарық көрді. Лирикалық-романтикалық поэмалар мен «Цимлян теңізі», «Сырлы қайнар» және басқа да өлеңдерде Бегалин елдегі өзгерістерді, туған өлкесінің сұлулығын жырлады. «Қанатты қазақ» поэмасы Кеңес Одағының Батыры Нүркен Әбдіровке арналған.
«Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты кітап көрмесіне ерекше назар аударылды, балалар «Сәтжан», «Шоқан асулары» кітаптарымен үлкен қызығушылықпен танысты.
В рамках проекта «Читающие дети – будущее страны» сотрудники ГДБ им. А. С. Пушкина провели вечер-портрет «Балалардың сүйікті жазушысы – С. Бегалин» с целью пропаганды творчества одного из основоположников казахской детской литературы Сапаргали Бегалина. Для детей была подготовлена презентация «Сын своей земли», библиотекари рассказали биографию писателя, более подробно остановились на событиях творческого пути.
Первая книга Сапаргали Бегалина – поэма для детей «Месть орла» вышла в 1943 году. В лирико-романтических поэмах и стихотворениях «Цимлянское море», «Таинственный источник» и других Бегалин воспевал преобразования в стране, красоту родного края. Поэма «Крылатый казах» посвящена Герою Советского Союза Нуркену Абдирову.
Особое внимание вызвала книжная выставка «Балалар әдебиетінің бәйтерегі», дети с огромным интересом ознакомились с книгами «Сатжан», «Шоқан асулары».