top of page

Библиолицей

Басылымдарды ретімен орналастыру. Кітапхана қорын есепке алу

 

Әдебиеттерді жинақтау және өңдеу бөлімінің қызметкерлері «Кітаптарды ретімен орналастыру. Кітапхана қорын есепке алу» тақырыбына арналған сабақ өткізді. Қатысушыларға кітапхана қорын есепке алу (қордың  құрамы мен қозғалысы, сондай-ақ оның сақталуы туралы ақпаратты тіркеу) барысы түсіндірілді.

Әдебиеттерді жинақтау және өңдеу бөлімінің меңгерушісі Д. М. Иржанова басылымдардың (газеттерден басқа) және жарияланбаған материалдардың барлық түрлері үшін қорды есепке алудың негізгі бірліктері: басылым атауы (кіріспе сөзді қамтитын құжат),  басылым данасы  (қорға енгізілетін немесе одан шығарылатын құжаттың әрбір жеке бірлігі) екендігін түсіндірді. Кітапханалық-библиографиялық жіктелім бойынша жұмыс жасауды үйретті.

Басылымдар көбіне жүйелі-алфавиттік ретте қойылатындығы жеткізілді. Жүйелі ретпен орналастыру кезінде құжаттар білім салалары бойынша, ал ішінде – авторлар (әліпби бойынша) немесе атауы бойынша орналастырылатындығы, жүйелі тәртіп кітапханалық жіктеме кестелеріне сәйкес белгіленетіндігі баяндалды.

MyCollages.jpg

Кітапханалық статистика. Бірыңғай оқырманды есепке алу

 

Н. Островский атындағы орталық қалалық кітапхана қызметкерлері үшін «Кітапханалық статистика. Бірыңғай оқырманды есепке алу» сабағы өткізілді. Сабақ барысында қатысушылар кітапханалық статистиканың негізгі формаларымен, бастапқы және екіншілік құжаттар туралы ақпаратпен танысты. Оқуға жарамдылық, келу, кітап қорының келісімділігі, кітаппен қамтамасыз ету ұғымдары түсіндірілді.

Бірыңғай оқырманды есепке алуға және бірыңғай тіркеу картотекасын жүргізуге ерекше назар аударылды, жұмыс күнделігімен жұмыс жасау бойынша ұсыныстар берілді. «Кітапхананың оқу залында оқырман формулярын қалталық жүйе бойынша жүргізу» мәселесі қарастырылды.

Сабақтың соңына қарай кітапханашылар практикалық тапсырма орындады, күнделікті толтыруға арналған бастапқы есепке алу құжатының мақсатын жазды, оқырман формулярын кітапханалық жазба үлгісімен толтырды.

MyCollages.jpg
bottom of page