top of page

Профессионал

Онлайн-марш мәдениеті

       

          Дәстүрлі кітапхананың интернет технологиялармен әрекеттестігі кітапхана қызметін жоғары деңгейге шығарды, сапалы жаңа мүмкіндіктер ашты. Н. Островский ат. ОҚК қызметкерлері Padlet платформасында  «Онлайн-марш мәдениеті» атты онлайн конференция дайындады. Онлайн конференция аясында Қостанай қ. ОКЖ кітапханаларының жұмыс тәжірибесін жинақтау ұсынылды. Кітапханашыларға Антон Стеньковтың «SMM маманы вебинары», Т. Хакимованың онлайн-практикум (Mara Book) – «Кітапхана – кітап – буктьюб: қарым-қатынастың диалогтық формалары» ұсынылды.  Жұмыстың жаңа түрі – подкаст ұсынылды, әлеуметтік желілерде кәсіби аккаунтты дамытуға арналған құралдар ашылды, байланыстыру туралы, оқырмандармен кері байланыс үшін WhatsApp-қа белсенді сілтеме орналастыру туралы, кітап жарнамасы бар посттарды ресімдеу туралы айтылды, кәсіби мерзімді басылымдар беттерінде «Қолдануға кеңес береміз» онлайн-шолу ұсынылды.

MyCollages.jpg

Н. Островский атындағы орталық қалалық кітапхада «Профессионал» («Кәсіпқой») іскерлік клубының отырысы өтті. Отырыс барысында жылдық есептің дайындалуына қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді, есеп үлгілерін дұрыс толтыру бойынша кеңес берілді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған іс-шараны ұйымдастыру, өткізу мәселесі көтерілді. Іс-шара соңына қарай бұқаралық іс-шаралар туралы материалдарды қамтитын фото-альбомды және кітапхана туралы бейнеролик жасау жөнінде тапсырма берілді.

MyCollages.jpg
bottom of page