top of page

Жыл табысы

Н. Островский атындағы орталық қалалық кітапханасында «Жыл табысы» іскерлік ойыны  өткізілді. Қостанай қаласының орталықтандырылған кітапханалары қатысты. Ойын барысында кітапханашылар өздерінің идеяларын және қызықты практикалық тәжірибелерін ұсынды. Баяндамашылар өз жұмыстарын көрнекі түрде көрсете отырып, өз тәжірибелерімен бөлісті.  

Іс-шара аясында буктрейлерлер, электронды ойындар және бейнекөрмелер ұсынылды.

«Западный» кітапхана-филиалы 1 орынға; «Строительный» кітапхана-филиалы 2 орынға, "Южный" кітапхана-филиалы 3 орынға ие болды. Барлық жеңімпаздар сертификаттармен марапатталды.

3.JPG
2.JPG
1.JPG
Победители.jpg
bottom of page