top of page

Тарих

            Н. Островский атындағы орталық қалалық кітапхана – тәжірибелі жалпыға бірдей қала кітапханаларының бірі.

            1939 жылы құрылған. Кітапхананың бірінші меңгерушісі Свистунова Мария Давыдовна болған.

            Кітапхананың кітап қоры тек қана мемлекеттік кіріс көздерінен ғана емес, сондай-ақ өздерінің жеке кітаптарын кітапханаға сыйлаған қала тұрғындарының көмегімен толықтырылады.

            Кітапхана Советская көшесіндегі (қазіргі уақытта «Турист» қонақ үйі) екі қабатты кірпіш ғимаратта орналасқан. Абонемент бірінші, оқу залы екінші қабатта орналасты.

Рисунок1.png

            Ұлы Отан соғысы жылдары кітапхана оқырмандарға қызмет көрсетумен қатар, кітапхана қызметшілері қала орталығында орналасқан жараланғандар госпиталінде жұмыс істеді. Мұнда оқырмандар конференциялары, шолулар, жараланғандар үшін әңгімелер жасалып өтті. Жаралы жауынгерлер (әсіресе москвалықтар, ленинградтықтар, харьковтықтар) кітапханаға өздерінің сүйікті кітаптарын сыйға тарты. 1951 жылы кітапхананың кітап қоры 10 мың дана кітапты құрады.

            Тың игеру жылдарында бұрынғы Одақтың түкпір-түкпірінен халық легі едәуір көбейді. Жастар сүйсінушілікпен кітапханаға келді, бұл әдебиет тапшылығына әкеліп соқты. Көмек қолын созған тағы да халық болды. Қор украин, белорус әдебиетімен толтырылды, Одақтың басқа да кітапханаларынан көптеген кітаптар келіп түсті.

            1954 жылы Қостанай қалалық кітапханасында мыңнан астам оқырман болды. Оның ішінде мектеп оқушылары, жұмыскерлер, қызметшілер, үй шаруасындағы әйелдер. Осы жылы кітапхана оқырмандары ішінен кітапхана қызметкерлеріне әртүрлі іс-шаралар өткізуге көмектесетін белсенді топ құрылды.

            Кітапхананың мекенжайы және ондағы әдебиеттер туралы халыққа айтып жеткізу үшін көбіне кітапханашылардың өздері үй басын аралап шығатын.

            1957 жылы қалалық кітапхана үгіт бөлімдерін әдебиетпен қамту және жабдықтауға үлкен көмек көрсетті. Бірнеше жылжымалы кітапханалар дайындалды.

            Кітапхана үй кітапханаларымен байланысын үзбеді, бірлесіп отырыстар өткізді.

            1964 жылы 30 қыркүйекте қалалық кітапханаға Н. Островскийдің аты берілді. 1967 жылы 15 қарашада қалалық кітапхана Гоголь көшесі, 80 мекенжайында орналасқан кооператив үйінің, аумағы 485,7 шаршы метр құрайтын төменгі қабатына көшіп орналасты.

Бұл тұрғындарға қызмет көрсету үшін және кітап берілімін көтеруге жақсы жағдай туғызды.

Рисунок2.jpg

            1972 жылы мемлекеттік бұқаралық кітапхана жүйелерінің орталықтандырулары басталды. Сол уақыттан бастап кітапхана Н. Островский атындағы Орталық қалалық кітапхана болып аталды.

            ОКЖ және ОҚК бірінші директоры – мәдениет қайраткері Римма Темирбаевна Гайнуллина болды.

bottom of page