#Қостанай_Латын
Тіл – тарихтың тұғыры
Н. Островский атындағы орталық қалалық кітапхананың кітапханашылары А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенттері үшін «Тіл – тарихтың тұғыры» атты ақпараттық сағат өткізді. Іс-шараның басында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды. Ұйымдастырушылар қатысушыларға Қазақстан халқының Тілдері күні мерекесінің шығу тарихын баяндады. Іс-шара барысында мемлекеттік тілдің рөлі, Ахмет Байтұрсыновтың қызметі туралы электронды презентация және бейнеролик көрсетілді. М. Әлімбайдың «Ана тілі», С. Торайғыровтың «Ана тілім» атты өлеңдері оқылды. Облыстық «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Нұрмағанбетова Ақтоты Баяділқызы жиналған қауымды қызметімен, тілдерді оқыту әдістемесімен таныстырды, зияткерлік ойындар, ойын элементтерін қамтитын викторина өткізді. Кітапхана қызметкерлері қатыушыларға «Сөйле Tіme» клубының жұмысы туралы ақпарат жеткізді. Іс-шара соңына қарай «Тіл – достық дәнекері» кітап көрмесіне шолу жасалды.
Латын әліпбиі, білім мәдениеті және қоғамдық сана туралы
«Дорожный» кітапхана-филиалының қызметкерлері Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің студенттеріне «Латын әліпбиі, білім мәдениеті және қоғамдық сана туралы» әңгіме өткізді. «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығының қызметкері Ақтоты Баяділқызы Нұрмағамбетова қатысты. Студенттерге Ахмет Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының тіл реформасы бойынша қандай ауқымды жұмыс жүргізетіні туралы айтылды. Маман студенттерді колледждерде жаңа әліпбиге оқытатынын, осы санат үшін орфографиялық ережелерді өз бетінше оқуға арналған брошюралар әзірленетінін және мемлекеттік тіл орталықтарында курстар ұйымдастырылатынын атап өтті.
Латынша бірге үйренейік
«Станционный» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Өмірде қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығының» тәрбиеленушілеріне «Латынша бірге үйренейік» атты әңгіме өткізді. Іс-шара барысында кітапханашы қазақ тілін латын графикасына көшірудің артықшылықтарын түсіндірді: Мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту, заманауи ақпараттық технологияларға кеңінен қол жеткізу мүмкіндігі, Қазақстанның даму болашағы үшін маңыздылығы. Балаларға қазақ транскрипциясы бар латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиі бар парақтар ұсынылды. Бекіту ретінде практикум өткізілді. Оқушылар өздерінің аты-жөндерін жаңа әліпбиге жазуға тырысты, сондай-ақ бірнеше қарапайым тест тапсырмаларын орындады. Қорытындылай келе, латын әліпбиіне көшу – бұл уақыт талабы және технологияларды дамыту деген қорытынды жасалды.