Профессионал
Рухани қазына – 2022
«Қостанай қаласы әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ «Северный» кітапхана-филиалының меңгерушісі Тасмаганбетова Разья Мухтаровна «Үздік қалалық маңызы бар кітапхана қызметкері» номинациясы бойынша Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына – 2022» фестиваліне қатысты.
Разья Мухтаровна еңбек тәжірибесін қамтитын «Под сводами библиотеки» кітабын таныстырды, «Goworkingzone: кітапхана – шығармашылық пен мейірімділік аумағы» атты коворкинг орталығының жұмысына тоқталды, «Званый гость» («Шақырылған қонақ»), «Писатель – Библиотека – Читатель» («Жазушы – Кітапхана – Оқырман») жобаларын ұсынды.
Қызығушылықтары ортақ жандарды біріктіретін «Шаңырақ», «Сударушки», «Мугунхва», «Как молоды мы были» клубтарының, орыс, славян, казак әндерін орындаушылардан құрылған «Казачья воля» клубының, өскелең ұрпаққа азаматтық-патриоттық тәрбие беруге бағытталған «Наследие» клубының қызметі туралы баяндады.
Фестивальге белсенді қатысқаны және жұмыс тәжірибесін толыққанды таныстырғаны үшін Разья Мухтаровна Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің алғыс хатымен марапатталды.
Отырыс барысында ӘББ меңгерушісі К. С. Нурушева 2022 жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылады. Қордағы кітаптарды насихаттауға арналған Web-парақша жұмысының, «Абай – Ұлы дала елінің данышпаны» буктрейлерінің, Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына арналған «Ұлт ұстазымен үндесу» челленджінің ұйымдастырылу барысына және т.б. инновациялық қызмет түрлеріне тоқталды.
Іс-шара аясында «Жазушылар және экология», «Жастар, кітап, кітапхана – өзара тартылыс» кітапханалық non-стоп, «Кел, кітап алмасайық» сынды акциялары туралы ақпарат келтірілді.
«Туған жерім – Қостанайдың киелі топырағы», «Кітапханалық симфония», «Мерейтойлық пойыз», «Біздің ауылдағы еңбек ерлері» атты кітап көрмелерінің дайындалғаны аталып өтілді.
Директордың міндетін атқарушы К. Н. Сандыбаева кадрлық және материалдық-техникалық қорды нығайту мәселелеріне назар аударды.
Іс-шара соңына қарай заңгер Д. С. Бисембаева азаматтық қызметкердің мінез-құлық этикасы туралы баяндады.
Н. Островский атындағы орталық қалалық кітапханада «Профессионал» клубының кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жылдық есепке қойылатын негізгі талаптар талқыланды. Статистикалық есептің формалары ұсынылды, мәтіндік есептің құрылымы таныстырылды.