top of page

Библиолицей

Кітапханалық статистика. Бірыңғай оқырманды есепке алу

 

Н. Островский атындағы орталық қалалық кітапхана қызметкерлері үшін «Кітапханалық статистика. Бірыңғай оқырманды есепке алу» сабағы өткізілді. Сабақ барысында қатысушылар кітапханалық статистиканың негізгі формаларымен, бастапқы және екіншілік құжаттар туралы ақпаратпен танысты.

Бірыңғай оқырманды есепке алуға және бірыңғай тіркеу картотекасын жүргізуге ерекше назар аударылды, жұмыс күнделігімен жұмыс жасау бойынша ұсыныстар берілді. «Кітапхананың оқу залында оқырман формулярын қалталық жүйе бойынша жүргізу» мәселесі қарастырылды.

Іс-шара соңына қарай кітапханашылар практикалық тапсырма орындады, оқырман формулярын кітапханалық жазба үлгісімен толтырды.

 

MyCollages.jpg

РАБИС бағдарламасында жұмыс істеу әдістемесі. Іздеу. Қарап шығу. Тапсырыс

Н. Островский ат. ОҚК библиографтары «РАБИС бағдарламасында жұмыс істеу әдістемесі. Іздеу. Қарап шығу. Тапсырыс» тақырыбында сабақ өткізді. Каталогизатор модулі туралы ақпарат берілді. Өрістерді толтыру бойынша ұсыныстар: «Автор», «Тақырып», «Тақырыпқа жатқызылатын мәліметтер», «Жауапкершілік туралы мәліметтер», «Дереккөздің атауы», «Аралас ақпарат», «Дереккөздің ISSN», «Ескерту», «Тақырыптық айдар». «Жіктеуіштер», «Түйінді сөздер», «Орналастыру», «Қосымша сілтемелер», «Арнайы, дербес жеке тұлғалар», «Көмекші белгілер», «Шартты белгілер қоймасы», «Шығарушы елдің коды». Жеке сабақ барысында РАБИС бағдарламасының өрістерін толтыру кезінде мемлекетаралық жүйе стандарттарын басшылыққа алу керек екендігі айтылды (ГОСТ 7.1-2003, ГОСТ 7.80-2000, ГОСТ 7.12-93), сондай-ақ ҚР Ұлттық кітапханасы әзірлеген түйінді сөздерді құрастыру бойынша әдістемелік ұсынымдармен, КБЖ кестелерімен және Қазақстанның облыстық кітапханаларының өлкетану каталогына арналған жіктеу кестелерімен таныстырылды.

MyCollages.jpg

Басылымдарды ретімен орналастыру. Кітапхана қорын есепке алу

 

Әдебиеттерді жинақтау және өңдеу бөлімінің қызметкерлері «Кітаптарды ретімен орналастыру. Кітапхана қорын есепке алу» тақырыбына арналған сабақ өткізді. Қатысушыларға кітапхана қорын есепке алу (қордың  құрамы мен қозғалысы, сондай-ақ оның сақталуы туралы ақпаратты тіркеу) барысы түсіндірілді.

Әдебиеттерді жинақтау және өңдеу бөлімінің меңгерушісі Д. М. Иржанова басылымдардың (газеттерден басқа) және жарияланбаған материалдардың барлық түрлері үшін қорды есепке алудың негізгі бірліктері: басылым атауы (кіріспе сөзді қамтитын құжат),  басылым данасы  (қорға енгізілетін немесе одан шығарылатын құжаттың әрбір жеке бірлігі) екендігін түсіндірді. Кітапханалық-библиографиялық жіктелім бойынша жұмыс жасауды үйретті.

Басылымдар көбіне жүйелі-алфавиттік ретте қойылатындығы жеткізілді. Жүйелі ретпен орналастыру кезінде құжаттар білім салалары бойынша, ал ішінде – авторлар (әліпби бойынша) немесе атауы бойынша орналастырылатындығы, жүйелі тәртіп кітапханалық жіктеме кестелеріне сәйкес белгіленетіндігі баяндалды.

 

MyCollages.jpg

Іс-шара сценарийін құру талаптары

 

Н. Островский атындағы орталық қалалық кітапханада кітапхана қызметкерлері үшін «Іс-шара сценарийін құру талаптары» атты сабақ өткізілді.

Сабақ барысында іс-шара сценарийінде қамтылатын мәліметтер: іс-шараның ұйымдастырушыларын, бөлімдерін, іс-шараның атауын, негізгі мақсатын, өткізілетін мерзімі мен орнын, қолданылатын көрнекілік материалдарды, жабдықтар мен техникалық құралдарды белгілеу, оқырмандардың санатын анықтау жолдары түсіндірілді. Мәтінмен жұмыс жасауға арналған бағдарлама көрсетілді.

Іс-шара барысында кәсіби мерзімді басылымдарға шолу жасалды, оқу үшін журналдардағы И. В. Дубинецтің «Моя книжная полка в библиотеке», И. Дубиневичтің «Литература с полки знаменитости», Н. С. Николаевтың «Читаем и играем» мақалалары ұсынылды.

Сабақ соңына қарай дайын сценарийлерге талдау жүргізілді.

 

MyCollages.jpg
bottom of page