top of page

Семинарлар

«Кітапханалардың өлкетанулық қызметі: мүмкіндіктердің зор аумағы»

     

«Строительный» кітапхана-филиалының қызметкерлері Padlet платформасында көрнекті ағартушы, педагог, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай «Кітапханалардың өлкетанулық қызметі: мүмкіндіктердің зор аумағы» атты саяхат семинарын өткізді.

          Кітапханашылар ынтымақтастық аясын кеңейте отырып, ауқымды жұмыс атқарды. Семинарға Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық мұражайының негізін қалаушы және бірінші директоры, ҚР Құрметті мәдениет қайраткері Рыщанова Уркия Мухамедияровна, Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Торғай мұражайларының Жангелді кешені» КММ қызметкерлері, «Н. К. Крупская атындағы Орынбор облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» әріптестері, «Ы. Алтынсарин ат. облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы» ММ әріптестері, «М. Хәкімжанова ат. Щербаков орта мектебі», Қостанай қаласы «Дорожный» кітапхана-филиалы қатысты.

          Семинар барысында бағыттар бойынша саяхат ұйымдастырылды, кітапханашылар Ы. Алтынсариннің қызметін ашып, алғашқы мектептердің ашылуына және балаларға білім беруді дамыту үшін оқулықтар дайындауға қосқан үлесін атап өтті.

           Уркия Мухамедияровна Рыщанова Ы. Алтынсариннің шығармашылығын зерттеу бойынша жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерімен бөлісті, «Ыбырай Алтынсарин – қазақтың көрнекті педагог-ағартушысы» мультимедиялық әдістемелік құралын ұсынды.

           Ресейден Н. К. Крупская ат. Орынбор облыстық әмбебап ғылыми  кітапханасының әріптестері «Ыбырай Алтынсарин және Орынбор өлкесі» өлкетану парақшасынан бейнематериал ұсынды, онда жаңа, қызықты және пайдалы фактілер ашылды. Ы. Алтынсариннің құрметіне Орынбор қаласында көше атауы берілді.

«Елім деп туған ерлер» атты портрет көрмесі кітапхана қорын ашуға және Ы. Алтынсариннің кітаптары мен еңбектерін ұсынуға мүмкіндік берді.

Саяхат семинары ынтымақтастықтың кең ауқымын көрсетті және кітапханалардың өлкетану ақпараттандырудағы үлкен рөлін ашты. Пайдаланушылар үшін қол жетімді құжаттар қоры, жұмыстың инновациялық түрлерін қолдану, мұның бәрі қоғамға қажет мәдени-ағартушылық, ақпараттық, демалыс орталығы ретінде кітапхананың жаңа имиджін қалыптастыруға ықпал етеді.

MyCollages.jpg

Кітапхана жаңа буынды дамытушы орта ретінде

«Киевский», «Узкоколейный» кітапхана-филиалдарының қызметкерлері  «Кітапхана жаңа буынды дамытушы орта ретінде» атты онлайн семинар өткізді.

«Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ әдістемелік жұмыс және ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі К. С. Нұрышева аталмыш іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілуіне атсалысты.

Әдістемелік бөлімнің ұсынысы бойынша ресейлік әріптестер «Біз құратын мазмұн». Кітапхана оқырмандарымен қашықтықтан әрекеттесу жолдары»  тақырыбына арналған баяндама ұсынып, тәжірибелерімен бөлісті. В. И. Ленин атындағы кітапхананың қоғаммен байланыс жөніндегі маманы Мажекенова Снежана Асхатовна жұмыс барысында қолданылатын жаңа технологиялармен, жұмыстың инновациялық түрлерімен таныстырды («Петроград ауданының ОКЖ» Санкт-Петербург мемлекеттік бюджеттік мекемесі). Іс-шара аясында Қостанай облысының 85 жылдығына арналған «Адамдар. Тағдырлар. Замандар»  атты кітап көрмесіне бейнешолу жасалды.

Оқырмандардың сұранысын, талғамын анықтау мақсатында «Мен кітапқа қуаныш орденін сыйлаймын...» көрмесі ұйымдастырылды. Қостанайлық танымал суретші Георгий Соковтың шығармашылығына арналған «Жарқын сәттер» атты бейнематериал дайындалды. «Фантазия»  қуаныш пен шаттық шеберханасы балалар кітаптың көмегімен әдемі бұйымдар жасауды үйренетіндігін жеткізді.

Іс-шара соңына қарай «Интерактивті сөзжұмбақ» шеберлік сабағы өткізіліп, «Кітапхалық өмірдің фотошежіресі» бейнеролигі көрсетілді.

MyCollages.jpg
bottom of page