top of page

Семинарлар

«Станционный» ҚБ «ОКЖ» ММ қызметкерлеріне «Кітапхана жобалары ақпараттық және әлеуметтік қызметтерді ілгерілету факторы ретінде» тақырыбында семинар өтті. «Қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Денисюк Оксана Анатольевна қатысып, кітапхана мен орталықтың байланысын ашты. Семинар барысында кітапханашылар жобалық іс-шараларды ашты – кітапхананың оң жұмысын жоспарлаудың инновациялық әдістерінің бірі ретінде мектеп жасына дейінгі балаларды кітаппен және оқумен таныстыру бойынша «Кітап сағаты» жобасын іске асыру нәтижелері жарияланды.
  «Отанды қалай атаймыз?!» бөлімінде «Қостанай ашық алаңдарының ПИКтері» жобасын іске асыру нәтижелері талқыланды. Семинардың «Оқиғалар әсерлі, ақпарат қызықты, қызметтері пайдалы» атты практикалық бөлімінде жүзеге асырылып жатқан «Ғасырлар дәстүрі: ұрпақтан ұрпаққа», «Мой край и я: чем больше познаю, тем больше берегу» жобалары туралы айтылды, және әлеуметтік кітапхана серіктестерімен өткізілген жұмыстары көрсетілді. Семинар соңында әдістемелік-библиографиялық бөлімнің қызметкері семинар тақырыбы бойынша жинақтаушы материалды ұсынды.

DSC04807.JPG
DSC04707.JPG
DSC04794.JPG
DSC04734.JPG
DSC04713.JPG
DSC04717.JPG
DSC04726.JPG

 «ОКЖ» ММ қызметкерлері үшін Н. Островский ат. ОҚК «Дәстүр түрлерін сақтаймыз, жаңашылдықты қолдаймыз» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар барысында «ОКЖ» ММ директорының орынбасары «Оқырмандарды ақпараттандырудың дәстүрлі түрлері» тақырыбын ашты, қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Н. Дулатбековтің «Алаш ардақтылары: Санкт-Петербург іздері» және И. К. Терновойдың «Кустанай – Костанай: тарих очеркі» кітаптары бойынша Web-квест тұсаукесерін өткізді. «Кітапхананың электронды каталогі – қолжетімді іздеу» тақырыбы бойынша ақпарат берілді. «Мультимедиялық тәсіл – кітапхана жұмысындағы инновациялық бағыт» бөлімінде «Менің Астанам» электронды көрмесі көрсетілген. Әдістемелік-библиографиялық бөлімнің меңгерушісі «FlipBook Maker» бағдарламасына шолу жасады. «Кітапхана қызметін алға жетелеуші тәсілдің бірі кітапхана сайты» бөлімінде виртуалды сервисті пайдалану бойынша тәжірибелік жұмыстар жүргізілді. Семинар соңында мемлекеттік тілдегі әдебиет секторының меңгерушісі «Толқын» шығармашылық студиясының мүшелерімен студенттік брифинг өткізіп, «Жас керуен» альманахымен таныстырды.

DSC05285.JPG
DSC05241.JPG
DSC05284.JPG
DSC05267.JPG
DSC05249.JPG
DSC05255.JPG
DSC05276.JPG
bottom of page