top of page

Семинарлар

Жастар арасында кітапты және кітап оқуды насихаттау бойынша кітапханалардың қызметін жандандыру мақсатында 2019 жылдың 30 қыркүйегінде «Дорожный» кітапхана-филиалында «Кітапхана және жастар: болашаққа қадам» атты семинар өтті.
Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты сұрақтары бойынша Басқармасының жастар және жастар ұйымдарымен жұмыстар бойынша бөлімінің басшысы  Шаймұрұнов Саят Жұматұлы; «Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы» ММ оқу залының меңгерушісі Минасова Айгүл Қабдоллақызы; Қостанай облысы «ГрИн» Азаматтық альянс ҚҚ еріктілер орталығының жетекшісі, Қостанай облыстық «Жасыл Ел» штабының жетекшісі, «Қостанай облысы жастарының алтын кітабы» лауреаты, Қостанай қаласы жастар Мәслихтының тәлімгері Ахменова Айнұр Аманжолқызы, «Жасыл ел» Қостанай облыстық штабының жетекшісі, «Қостанай облысы жастарының алтын кітабы» сыйлығының лауреаты, жастар мәслихатының кураторы семинар барысында өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинарға қатысушылар өскелең ұрпақпен жұмыс істеудің тиімді нысандары мен әдістерін талқылап, оқырмандардың қызығушылығын қалыптастырудағы, бейне және аудио материалдар арқылы көркем әдебиетті насихаттаудағы кітапханалардың рөлін атап өтті. Н. Наушабаев ат. мектеп-гимназия оқушылары  «Абай дана, Абай дара қазақта» атты театрландырылған қойылым көрсетті. «Жұлдыз» жастар клубының мүшелері өз шығармаларынан өлеңдер оқып, оқу туралы өз пікірлерін білдірді.

20190930_103700.jpg
20190930_105947.jpg
20190930_110632.jpg
20190930_105419.jpg
20190930_105802.jpg
20190930_105816.jpg

Кітапханаларда коворкинг орталықтарын құру өзекті жұмыс болып табылады. «Goworking zone: кітапхана – шығармашылық территориясы, мейірімділік аурасы» атты семинар барысында «Северный» кітапхана-филиалының меңгерушісі жалпы кеңістіктері келушілермен бірлескен жұмыс үшін қалай пайдаланылатыны көрсетілді. Коворкинг үшін білім «қолда» және қарым-қатынас пен бос уақытты өткізуге жағдай жасалған кітапханадан артық орын жоқ. Кітапхананың өзіндік рухы – мәдени құндылықтарды білу рухы бар. Кейбір жастар мен кәрілер кітапханаға ерекше атмосферада, толық тыныштықта жұмыс істеу үшін келеді. Коворкингтер кітапханаға жаңа келушілерді тартады деп үміттенеміз.

IMG-20190304-WA0020.jpg
IMG-20190304-WA0017.jpg
IMG-20190304-WA0013.jpg
IMG-20190311-WA0011.jpg
bottom of page