Кіші бағдарлама аясындағы іс-шаралар
«Рухани қазына»
«Жаңа әліпби – заман талабы»
Латын әліпбиіне көшу өте маңызды. Бұл жаһандық кеңістікке табысты интеграциялануға, Қазақстанды көптеген елдер латын әліпбиін қолданатын әлемдік қауымдастыққа жақындатуға көмектеседі.
Қалалық «Батыс» кітапхана-филиалында өткен «Жаңа әліпби – заман талабы» атты медиа сағатта латын әліпбиіне көшудің қажеттігі және оның уақыт талабына сай жүргізілуі баса айтылды.
Шара барысында «Сен латын әліпбиін білесің бе?» атты тренинг ойыны өтті. Балалар өз беттерінше латын тілінде: кітап, білім, кітапхана сөздерін жазды, сонымен қатар балалар on Latin_cc781905-5cde-3194-bb3b-136bad5cf58d сөздерін оқуға мүмкіндік алды. Іс-шара барысында «Қазақстан латын әліпбиіне көшу мүмкіндігі бар ма», «Латын әліпбиінің жаңа қазақ әліпбиі бекітілді!» бейнероликтері көрсетілді. Шара соңында балалар латын графикасындағы қазақ әліпбиінің үлгісі бойынша өз есімдерін жазды.