top of page

CBS Қостанай

No tags yet.

Наурыз мерекем – Наурыз берекем

Ашық аспан алаңында Наурыз мерекесін тойлау аясында «Станционный» кітапхана-филиалының кітапханашылары «Мирас» ҚМҮ № 1 филиалының қызметкерлерімен бірлесіп, шағын аудан тұрғындары үшін «Наурыз мерекем – Наурыз берекем» мерекесін өткізді.

Кітапханашы Наурыз мейрамының көктемгі күн мен түннің теңелетін күні, яғни 21 наурызда тойланып келе жатқанына 5000 жылдан астам уақыт болғанын айтты. Бұл жаңа жылдың мерекесі, табиғаттың жаңаруы және көктемнің кездесуі. Ұлттық киім киген қыздар шашу рәсімін жасап, қатысушылармен Наурыз көжеден дәм татты. Сахнада қазақ дәстүрі бойынша жаңа қоныстанушыларды қарсы алған «Ерулік» көрінісі көрсетілді. «Нәз» және «Кружева» вокалдық топтары қазақ және орыс тілдерінде ән орындады. «Арулар» би тобы әртүрлі билерімен тамаша өнер көрсетті. Қыдыр ата мерекемен құттықтап, батасын оқыды. Қатысушылар гір көтеріп, жарыстар мен викториналарға қатысты.


1 view
bottom of page