top of page

CBS Қостанай

Search

Саятшылық: Құмай тазы

  • cbskost
  • Mar 22, 2023
  • 1 min read

«Наурыз» мерекесін тойлау қарсаңында «Қонай» кітапхана-филиалында Құмай тазы тұқымды иттермен, аңшылыққа арналған танымдық сағаты өткізілді.

Кітапханашы «Саятшылық. Қазақтың дәстүрлі аңшылығы» және өлкетану хрестоматиясын ұсынды. Шара барысында сақ дәуірінде пайда болған аңшы ит тұқымы – Құмай тазы тұқымының шығу тарихымен таныстырды. «Тазы» ұғымын түсіндірді, Қазақстанда кездесетін түрлері туралы айтты, иттердің мінез-құлқына, аңшылықты үйренуіне сипаттама берді. Одан кейін балалар күнделікті тұрмыс пен қолөнер, ұлттық тағамдар мен киім-кешек, қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі туралы фотосуреттерді қызығушылықпен тамашалады.


 
 
 

Comments


Келу саны

bottom of page