top of page

CBS Қостанай

No tags yet.

Қош келдің, Наурыз!

Көктемнің алғашқы мерекесі Наурызға арнап «Северный» кітапхана-филиалының ұжымы №22 ОМ-тің 8 «Д» сынып оқушыларына ерекше сағат өткізді. Кітапхана қызметкерлері домбыраның сүйемелдеуімен оқушыларды ән арқылы қарсы алды, ыстық бауырсақтардан дәм татқызды, түрік халқы үшін мерекенің маңыздылығы жөнінде әңгіме жүргізді. Сонымен қатар, балалардың назарына «Қош келдің, Наурыз!» көрмесі және қазақтың ұлттық киімдері туралы бейнематериал ұсынылды. Бұл іс-шараның басты ерекшелігі, біздің кітапханамызда тәжірибеден өтіп жатқан Е. А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті Ахметжанова Лаураның ұйымдастырушылығымен өткізілгені болды. Мерекелік шара барысында ол өзінің дипломдық жұмысының зерттелген ақпараттарын қолданды.


1 view
bottom of page