top of page

Семинарлар

«Кітап, соғыс туралы айтып берші»

Онлайн-семинар Ұлы Отан соғысы туралы кітаптарды насихаттау мақсатында өткізілді. Семинар барысында шетелдік және отандық кітапханалардың Екінші дүниежүзілік соғыс туралы әдебиеттерді насихаттау тәжірибесі таныстырылды, Светлана Алексиевичтің «Последние свидетели» кітабы бойынша буктрейлер көрсетілді, «Соғыс естеліктері туралы кітаптар жүрегімізде» кітап көрмесіне шолу өткізілді, Қонай, Дружба кенттерінің жерлес батырлары туралы «Герои жили рядом» виртуалды журналының тұсаукесері және «Соғыс жылдары, сұрапыл жылдар...» электронды ойынының тұсаукесері ұсынылды. 

MyCollages.jpg

«Ғасырдың аңыз  тұлғасы – Абай»

ОКЖ кітапханалары қазақ әдебиеті классиктерінің шығармашылығын насихаттауда үлкен жұмыс атқаруда. Онлайн-семинар ұлы ойшыл, философ, ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толу мерекесі аясында өткізілді. Семинар барысында кітапханашылар «Абай  мұрасының сыры» «сөйлейтін» көрмесі, «Абай шығармашылығын насихаттайтын кітапхана жұмысының заманауи түрлері» буктрейлерін, «Әлем мойындаған данышпан» Абай Құнанбаевтың ескерткіштеріне виртуалды экскурсиясын қызметкерлер назарына ұсынылды.  

MyCollages (3).jpg
bottom of page