Семинарлар
Заманауи әдебиет: тенденциялар, жаңа есімдер
Н. Островский атындағы ОҚК қызметкерлері «Заманауи әдебиет: тенденциялар, жаңа есімдер» атты семинар өткізді, іс‑шара барысында ұйымдастырушылар кітапханашыларды Қазақстандағы әдеби процеспен таныстырды, әдебиет әлеміндегі өзекті мәселелерге, сұранысқа ие қызықты шығармаларға, жаңа есімдерге тоқталды.
Іс-шара барысында ақын, журналист, прозашы, қостанайлық «Ковчег» әдеби бірлестігінің мүшесі, А. Коштенко атындағы Халықаралық әдеби байқаудың лауреаты Сара Сертқалиевамен қызықты кездесу ұйымдастырылды. «Таныстыруға рұқсат етіңіз» атты авторлық орындық қаламгердің жаңа қыр-cырларын тануға мүмкіндік берді.
«Жастардың әдебиетке деген заманауи көзқарасы» атты эссе және сауалнама арқылы жастардың кітап оқуға деген көзқарасы анықталды.
Семинар аясында кітап оқуды, поэзияны жаны сүйетін жандардың өнерін насихаттау мақсатында Рахат Сейілханның «Қалам ұшындағы ғұмыр» альманахы және «Мен. Кітап. Және Уақыт» жобасы таныстырылды. «Жаңа есімдер – оқуға кеңес береміз» медиапрезентациясында жергілікті ақын-жазушылардың есімдері, туындылары аталды.
Іс-шара соңына қарай Қостанай орыс драма театрының актері С. Слепченковтың қатысуымен «Сүйікті кітаптардың таныс беттері» әдеби кейіпкерлер шеруі өткізілді. Іс-шара жоғары деңгейде өтті.
Балалар кітапханасы – кітап оқып білімді толықтыру және бос уақытты тиімді ұйымдастыру орталығы: жаңа идеялар мен мүмкіндіктер
А. С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасында Қостанай қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері үшін «Балалар кітапханасы – кітап оқып білімді толықтыру және бос уақытты тиімді ұйымдастыру орталығы: жаңа идеялар мен мүмкіндіктер» атты қалалық семинар ұйымдастырылды. Семинар жұмысына Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері де қатысты.
Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Сандыбаева Қаламқас Нұрахметқызы балаларға арналған кітапханалар жас оқырмандарды айналадағы дүниемен, қоғам өмірімен, табиғатпен таныстыруға, жеткіншектердің танымдық қабілеттерін арттырып, ой-өрісін жетілдіруге бағытталған және мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған алаң болып табылатын атап өтті.
А. С. Пушкин атындағы кітапхана меңгерушісі М. Б. Имаканова кітапхана – оқу процесін ілгерілетуге, қарым-қатынас орнатып, бос уақытты тиімді ұйымдастыруға, оқырмандардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамытуға арналған орталық екендігін жеткізіп, қалалық балалар кітапханасының жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Баяндамашылар өздерінің жаңалығымен, тың идеяларымен, креативті көзқарасымен алмасты, кітапхананың жобалық қызметіне жан-жақты тоқталды. Іс-шара барысында жоба аясында дайындалған электрондық материалдар көрсетілді. «Дарынды балалар – егемен елдің ертеңі» жобасының қатысушылары – жасампаз жастар, белсенді оқырмандар Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, жазушы-драматург, публицист Ақылбек Шаяхметтің «Тазша және Күнікей» пьесасы бойынша қойылым қойып, жиналған қауымның ықыласына бөленді.
Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы Бек Маргарита Абдуллаевна «Балаларды оқуға тарту: жаңа идеялар, жаңа бағыттар» баяндамасы арқылы кітапхана жұмысының форматын жас оқырмандардың сұраныстарына лайықтау қажеттігін аңғартты. Библиогид бойынша қызықты сайттар ұсынды.
Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің библиографы Бурнабаева Жанна Кайыржановна «Балаларға арналған әдебиеттерге библиографиялық шолу» шеберлік сабағын өткізді.
Сонымен қатар, семинар барысында кітапханашылар электронды презентациялар көрсетті, кітапхана ісіне қатысты мәселелерді кеңінен талқылады.
Семинар жоғары деңгейде өтті, кітапханашылар өзара тәжірибе алмасты, оқырмандарды тартуға, әлеуметтік желілердегі жұмысты жандандыруға бағытталған идеяларын ұсынды.
Іс-шара соңына қарай О. Партечко, А. Серғазина сынды балалар кітапханасының жас және креативті кітапханашыларына алғыс хаттар табысталды. Сапарова Зәуреш Жалғасқызы және Сейдахметова Бақыткүл Тоқтасынқызы жоғары кәсібилігі үшін марапатталды.